Ересектер арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатының қарсаңында «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайында ҚР ҰҚК департаментінің Астана қаласы бойынша Терроризмге қарсы орталығы қызметкерлері объектінің және күзет қызметкерлеріне террористік қауіп туындаған кездегі бірінші кезектегі іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс оқыды..
Іс-шара барысында қызметкерлер террористік қауіп туралы ақпарат түскен кезде қызметкерлердің әрекет ету тәртібін, сондай-ақ күдікті және иесіз заттарды анықтаған кезде әрекет ету алгоритмін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жұмысшылардың үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында жедел әрекет ету шараларына, тиісті күштік-құрылымдарды хабардар ету тәртібіне және белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігіне баса назар аударылды.
Өздігінен жасалған құрылғылардың (муляж - СВУ) модельдерінің түрлері көрсетілді, күдікті заттарға тән белгілері түсіндірілді, сондай-ақ террористік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі жұмысшылар мен күзет қызметкерлерінің негізгі міндеттері түсіндірілді.
Жүргізілген шара спорт кешені қызметкерлерінің ықтимал қауіптерге жедел әрекет етуге дайындық деңгейін арттыруға, практикалық дағдыларын жетілдіруге және алдағы турнирге қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Материалды ҚР ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталығы басқармасы дайындаған









