ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    Құрметті төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
    🇰🇿 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – 19 қазан – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    ✅ Құтқарушы – адам өміріне қауіп төнген сәтте көмекке бірінші болып ұмтылатын, батылдық пен жанқиярлықты ту еткен абыройлы мамандық иесі. Сіздер күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.
    ✅ Адам өмірін арашалап, қиын сәтте қайсарлық пен кәсібиліктің үлгісін көрсетіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Жоғары жауапкершілік пен темірдей тәртіпті талап ететін қызметтеріңіз – ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндет.
    ✅ Осы айтулы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін! Қауіпті де жауапты жұмыстарыңызда әрдайым сәттілік серік болып, дабылмен аттанған әрбір сапарларыңыз амандықпен аяқталсын!
    ✅ Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
    Ізгі ниетпен,
    Төлеби ауданының әкімі
    Еркеғали Әлімқұлов
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары