А.ж. қазан айында Астанадағы Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша жоспарланған оқу-жаттығу жиыны өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әуежай көлік полициясы басқармасының офицерлері, кезекші қызметі және жедел тергеу бөлімшелері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты әуежайдың терроризмге қарсы қауіпсіздігін нығайту және оның күштері мен құралдарының дайындығын арттыру болды. Теориялық бөлім барысында қатысушыларға қолданыстағы терроризмге қарсы заңнаманың ережелері, терроризмге қарсы мақсаттағы топтардың функциялары мен міндеттері, сондай-ақ олардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің қажетті талаптары туралы ақпарат берілді. Іс-шарада күдікті нысандарды анықтаудың, террористік қауіптер туралы хабарламаларды алудың және төтенше жағдайлар кезінде әрекет етудің негізгі рәсімдері талқыланды.
Жалпы алғанда, іс-шара әуежай қызметкерлерінің террористік қауіптерге қарсы іс-қимылын нығайтуға ықпал еткенін атап өту маңызды, бұл көлік инфрақұрылымы нысандарының кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
Астаналық терроризмге қарсы жедел штабы









