Жалпықалалық түнгі рейд өтті

    Шымкент қаласының бес ауданында жалпықалалық түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

    Рейдке Шымкент қаласы Полиция департаментінің, аудан әкімдіктерінің және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

    Іс-шара барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында жүрген жағдайлары анықталды. Құқық бұзушылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.

    Рейд нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптары бойынша:

    • 127-1-бап – 1 хаттама;
    • 132-бап – 9 хаттама;
    • 442-баптың 1-бөлігі – 12 хаттама;
    • 442-баптың 2-бөлігі – 54 хаттама;
    • 442-баптың 3-бөлігі – 3 хаттама толтырылды.

    Жалпықалалық рейд жұмыстары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жалғасады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары