«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» – ӘН МЕН ӨНЕРДІҢ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШІ

    1 / 6
    Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының ұйымдастыруымен қазақ музыка өнерінің дарабозы, біртуар композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Менің Қазақстаным» атты концерттік шара өтті.
    Кеш шымылдығы «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы «Ыңғай төк» күйімен түріліп, көрерменге ұлттық өнердің ұлағатын сезіндірді.
    Салтанатты шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы сөз сөйлеп, тағылымды кештің маңыздылығына тоқталды. Ол Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыкасының алтын қорына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтіп, өнерсүйер қауымға жылы лебізін білдірді.
    Сонымен қатар, қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған Түркістан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымына аудан әкімінің атынан арнайы Алғыс хат табысталды.
    Концерт барысында филармонияның кәсіби әншілері Шәмші Қалдаяқовтың халық жүрегінен мәңгілік орын алған таңдаулы әндерін «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
    Шәмшінің сырлы әуені мен сырбаз әндері Созақ төрінде шырқалып, ұлт руханиятының биігінен орын алған шығармалар қайта жаңғырды. Композитор әндері арқылы елге деген сүйіспеншілік, туған жерге деген құрмет, ұлттық рух пен азаматтық сезім көрермен жүрегіне жол тартты.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Созақ ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары