Елордада пәтерді арзанға алып беремін деген алаяқ ұсталды

    Астана қаласы Полиция департаментінің Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адамды анықтап, ұстады.
    Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушімен таныстық қарым-қатынасты пайдаланып, өзін банк саласында жұмыс істейтін маман ретінде таныстырғаны. Ол қаладағы банктердің бірі арқылы өткізілетін аукционнан нарықтық бағадан әлдеқайда төмен құнға пәтер алып беруге көмектесетінін айтып, жәбірленушінің сеніміне кірген.
    Күдікті өз уәдесін растау мақсатында түрлі сылтаулар келтіріп, рәсімдеу жұмыстары мен аукционға қатысуға қажетті төлемдер қажет екенін жеткізген. Нәтижесінде жәбірленуші оның есепшотына жалпы сомасы 5 млн теңге ақша қаражатын аударған.
    Алайда уәде етілген пәтер берілмей, күдікті алған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас 2 эпизоды бар екені анықталды.
    Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жасау кезінде сақ болуға кеңес береді. Пәтерлерді төмен бағамен алып беру, жеңілдетілген бағдарламаларға қатыстыру немесе аукцион арқылы тұрғын үй рәсімдеу жөніндегі ұсыныстарды міндетті түрде ресми дереккөздер арқылы тексеріп, ірі көлемдегі ақша қаражатын бөгде адамдардың шоттарына аудармауды ескертеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары