ҚР ІІМ Ұлттық ұланы күзгі шақыру науқанын аяқтады

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланында 2026 жылғы күзгі шақыру науқаны аяқталды. 9 қыркүйек пен 15 қазан аралығында 7 мыңнан астам азамат мерзімді әскери қызметке шақырылды.

    Жоспарға сәйкес шақыру науқаны белгіленген мерзімде толық орындалды.

    Жас сарбаздардың басым бөлігі қоғамдық тәртіпті сақтау, бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ маңызды мемлекеттік нысандар мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету міндеттерін орындайтын бөлімшелердің қатарын толықтырады. Қажетті дайындықтан өткен соң жас әскери қызметшілер өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға кіріседі.

    Ұлттық ұлан әскери қызметшілері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.

    Күзгі шақыру науқаны Ұлттық ұланның жеке құрамын толықтырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін орындауға қажетті күштерді жасақтауға мүмкіндік берді.

    Әскери қызмет жастардың бойында тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырып, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға баулиды. Отан қорғаушы үшін мерзімді әскери қызмет өмірлік тәжірибе жинақтауға және азаматтық ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әскерде алған білімі мен тәжірибесі олардың алдағы уақытта қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге үлес қосуына негіз болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары