Ауданда сенбілік жұмыстары қарқынды жалғасуда

    1 / 15

    Бүгін Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жалғасып келеді.

    Сенбілікке аудан және барлық ауылдық округтердің тұрғындары, дербес бөлімдер, мекеме және бөлім басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, жастар және еріктілер белсене атсалысты.

    Қызметкерлер өздеріне белгіленген аумақтарда орталық көшелер мен саябақтарды, арықтарды тазалап, ретсіз өскен шөптерді шауып, техникалардың көмегімен қоқыс қалдықтарын арнайы орындарға шығарды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қармақшы ауданының әкімдігі" жаңалықтары