Қазақстанда 200 азамат кейбір мемлекеттік жәрдемақыларды алуды өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, ал мұндай шешім қабылдағандардың саны біртіндеп артып келеді. Қазіргі тұрмыстық жағдайын бағалай келе, отбасын өз бетінше қамтамасыз ете алатынына көз жеткізген азаматтар осындай шешім қабылдаған. Олар мемлекеттік көмектен мүлде бас тартып жатқан жоқ. Тек өздеріне тиесілі төлемді алуды тоқтатып, бұл көмектің бүгінгі күні шын мұқтаж отбасыларға бағытталғанын қалайды. Мұндай шешім қабылдаған азаматтар туралы ақпараттар еліміздің әр өңірінен түсіп жатыр. Олардың арасында кәсіпкерлер, көпбалалы ата-аналар және тұрмыстық жағдайын жақсартып, бүгінде отбасын өз бетінше қамтамасыз ете алатындар да бар. Бұрын аталған жәрдемақылар азаматтың белгілі бір әлеуметтік санатқа жатуына қарай тағайындалатын. Кейбір жәрдемақылар азамат өтініш бермей-ақ, автоматты түрде рәсімделетін. Ал SMS арқылы жәрдемақыдан өз еркімен бас тартудың жеңілдетілген тәртібі бұрын болмаған. Енді азаматтарға осындай мүмкіндік беріліп отыр. Бұған дейін Отбасының цифрлық картасындағы мәліметтер бойынша әлеуметтік жағдайы жоғары А санатына жататын отбасылардың кейбір жәрдемақы алушыларына SMS-хабарлама жіберілген. Онда азаматтарға тиісті төлемнен өз еркімен бас тарту мүмкіндігі түсіндірілген. Азамат жәрдемақыдан бас тарту туралы шешімін SMS-хабарламаға жауап беру арқылы білдіре алады. Өз еркімен бас тартқан азаматтардың тиісті төлемдері 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни әлеуметтік қолдаудың жекелеген түрлерін тағайындаудың жаңа тәртібі күшіне енгенге дейін тоқтатылады. Бұл ретте тек азамат бас тартқан төлем ғана тоқтатылады. Отбасының цифрлық картасы мемлекетке әр отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нақтырақ бағалауға көмектеседі. Соның негізінде мемлекеттік қолдау отбасының шынайы жағдайына қарай көрсетіледі. Әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдірудегі басты мақсат та осы, көмекті уақытында көрсетіп, оны ең алдымен шын мұқтаж адамдарға бағыттау. Осы ретте SMS-хабарламаның келуі жәрдемақының автоматты түрде тоқтатылатынын немесе төленбей қалатынын білдірмейді. Бұл шешімді азаматтың өзі қабылдайды. Ал заңда көзделген жәрдемақыны алуды жалғастырған азаматтар мемлекеттік қолдауға деген заңды құқығын пайдалана береді. Кейбір отбасылар үшін мемлекеттік көмек өмірінің белгілі бір кезеңінде үлкен қолдау болған. Ал бүгінде тұрмысы түзеліп, табысы артқан соң, олар жәрдемақыдан өз еркімен бас тартуды жөн көріп отыр. Мұны әлеуметтік көмектің нақты мұқтаж адамдарға бағытталуын қолдау деп түсінуге болады.
200 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕЙБІР МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДАН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТТЫ: ШЕШІМ САНАЛЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР
Төлеби ауданы әкімінің аппаратыАшу
Атбасар ауданы әкімінің Жапонияның Нагоя қаласында өткен V Азия Пара ойындарындағы жеңісіне орай Давид Дегтяревке жолдаған құттықтауы
Атбасар ауданының әкімдігіАшу
Атбасар ауданы әкімінің Құтқарушылар күніне орай құттықтауы
Атбасар ауданының әкімдігіАшу
Қарағандыда полицейлер мен такси жүргізушісі алаяқтық схеманың жолын кесті
ҚР ІІМАшу
Бейжіңде CSCEC International компаниясымен бірлескен инфрақұрылымдық жобалар мен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы ЕлшілігіАшу
""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары

EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ОТБАСЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіАшу
Еңбек министрлігі бала саны бірдей отбасылардың мемлекеттік көмекке мұқтаждығы неге әртүрлі болатынын түсіндірді
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіАшу
Қазақстан әлеуметтік қолдауды күшейтеді: қандай жәрдемақылар отбасының санатына қарамастан беріледі?
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіАшу
Зейнетақы жинақтарын басқарудағы таңдау еркіндігі: қазақстандықтар жинақтарының 100%-ына дейін жеке басқаруға бере алады
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіАшу
Аналарды әлеуметтік қолдау: көмек уақытында көрсетілуі керек
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіАшу