1 / 3
Бүгін, 17 қазанда Астана қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «GOVERNMENT CHESS CUP 2026» республикалық шахмат турнирінің финалдық кезеңі өтуде.
Облыстық іріктеу кезеңінде І орын иеленген облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин республикалық додада бақ сынауда.
Турнир мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін арттыруға, стратегиялық ойлау қабілетін дамытуға және шахмат спортын насихаттауға бағытталған.
Елдос Набиоллаұлына сәттілік пен жеңіс тілейміз!




