ШҚО-да есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

    ШҚО-да есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

    Өскемен қаласында жергілікті тұрғын көлікті есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері KIA Optima автокөлігін байқап, тексеру үшін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 39 жастағы ер адам болған. Тексеру барысында жүргізуші медициналық куәландырудан өтті. Оның каннабиноидтерді қолдану салдарынан есірткілік масаң күйде болғаны расталды.

    Сот шешімімен ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және көлік құралдарын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды.

    Көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруға жол берілмейді. Мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жүргізушілер осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін заңда көзделген жауапкершілік бар екенін ұмытпауы тиіс.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары