Қарағандыда бизнес пен IT саласының өкілдерін біріктіретін неконференция өтеді

    30 қазанда Қарағандыда IT және Digital мамандары, кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне арналған неконференция ұйымдастырылады.

    Іс-шара бағдарламасында қатар өтетін екі бағыт, сарапшылардың баяндамалары, нақты тәжірибеден алынған кейстер, пікір алмасу және еркін форматтағы кездесулер қарастырылған. Бұл – пікірлес жандарды табуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және бүгінгі бизнес пен IT саласында болып жатқан өзгерістермен танысуға мүмкіндік беретін алаң.

    Қарағандыда бизнес пен IT саласының өкілдерін біріктіретін неконференция өтеді

    Қазан айындағы неконференцияның спикерлері:

    - Альбина Мұқтар – The TajMagazine медиасының негізін қалаушы. Баяндамасының тақырыбы: «Агенттіктен медиаға дейін: креатив, стратегия және көпсалалылық редакцияның дәстүрлі моделін қалай өзгертті?»;

    - Карина Шарақбаева – WOOPPAY компаниясының HR-менеджері. Баяндамасы: «HR маманы үміткер туралы алғашқы 15 секундта қалай шешім қабылдайды?»;

    - Ақжан Оқсықбаева – Creativity Studio компаниясының тең құрылтайшысы әрі бас продюсері. Баяндамасы: «Мінсіз емес бизнес: ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған үздік 5 кеңес»;

    - Арсен Бақтығалиев – Taza GO компаниясының тең құрылтайшысы әрі техникалық директоры (CTO). Баяндамасы: «ChatGPT код жазса, әзірлеуші не үшін қажет?»;

    - Арман Мырзақанұров – Plata компаниясының iOS бағдарламалық жасақтама инженері. Баяндамасы: «Оқыту мен менторлық тәлімгердің өзін қалай дамытады?»;

    - Бекет Берікұлы – Golang тілінде жұмыс істейтін аға әзірлеуші (Senior Golang Developer). Баяндамасы: «Junior кезеңінен кейін: әзірлеушінің шынайы жұмыс өмірі».

    Қарағандыда бизнес пен IT саласының өкілдерін біріктіретін неконференция өтеді

    Қатысушыларды пайдалы таныстықтар, спикерлермен тікелей тілдесу, жаңа білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін еркін форматтағы кофе-брейк күтеді.

    Өтетін күні: 30 қазан, сағат 18:30.

    Өтетін орны: «Террикон алқабы» IT-хабы, Алалыкин көшесі, 12.

    Форматы: офлайн және онлайн.

    Қатысу тегін.

    Тіркелу: terricon.kz

    Неконференция Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен өткізіледі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары