Сандықтау ауданы әкімінің Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтауы

    Құрметті орман шаруашылығының қызметкерлері мен сала ардагерлері!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Сіздердің еңбектеріңіз туған өлкеміздің табиғи байлығын сақтауда ерекше маңызға ие. Кәсіби біліктіліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және табиғатқа деген жанашырлықтарыңыздың арқасында орман алқаптары сақталып, экологиялық тепе-теңдік қамтамасыз етіледі және келер ұрпақ үшін қолайлы табиғи орта қалыптасады.

    Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, еңбектеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті болып, отбасыларыңызда әрдайым бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын!

    Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары