2026 жылдың 15 қазанында Жамбыл облысының Әділет департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетімен бірлесіп, Zoom платформасы арқылы гибридті формата дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, бизнес өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер, құқық иеленушілер мен зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушылар қатысты.
Кездесу барысында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру, түрлі заңнамалы қактілер нормаларының өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету және құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақцифрлық сервистерді дамытуға, өтініш берушілер үшін рәсімдердің қолжетімділігін арттыруға, құқық иеленушілер мен өзара іс-қимылдың ашықтығын қамтамасыз етуге және осы саладағы халықаралық тәжірибені ескеруге ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Осындай іс-шараларды өткізу кәсіби диалогты дамытуға, тәжірибе алмасуға және құқықтық реттеудің өзекті мәселелерін шешудің практикалық тәсілдерін әзірлеуге ықпал етеді.









