Бағдад, 2026 жылғы 18 қазан– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ИЫҰСІМК) 52-ші сессиясының жұмысына қатысты.
Отырыс барысында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ислам әлеміндегі ахуалға, әскери-саяси және гуманитарлық дағдарыстарды, оның ішінде Палестина-Израиль қақтығысын реттеу мәселелеріне ерекше назар аударды. Қатысушылар Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге, бейбітшілік пен өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған дипломатиялық күш-жігерді жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Өз сөзінде,А.ИсағалиевҚазақстанның халықаралық және өңірлік қақтығыстарды халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысы негізінде тек саяси-дипломатиялық жолмен бейбіт реттеугебейілділігінрастады. Сонымен қатар, көпжақты диалогты нығайту және бейбітшілікті, қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру қажеттігін назар аударды.
Қазақстанның Ұйым қызметіне қатысуы тұрғысынан ядролық қаруды таратпау, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, көлік-логистикалық байланыстарды дамыту, жасанды интеллект, цифрландыру және озық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағын оңалтуды қоса алғанда, экологиялық бастамаларды ілгерілету мәселелеріне ерекше мән берілді.
Аталған сессияның Қазақстан үшін маңызды нәтижесі Елші Бағдат Әміреевтің Ислам ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының әкімшілік және қаржы мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына сайлануы болды. Бұл шешім ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қазақстанға деген жоғары сенімінің және оның Ұйым шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін мойындауының дәлелі болып табылады.
ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 52-ші сессиясының қорытындысы бойынша саяси, экономикалық, құқықтық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтитын қарарлар топтамасы қабылданды. Қазақстанның барлық бастамалары тиісті қорытынды құжаттарда көрініс тауып, ИЫҰ СІМК қарарларында бекітілді.









