Ертіс-Баян өңірінің дәмі: павлодарлық жәрмеңке елордалық сатып алушыларды тағы да тәнті етті

    1 / 5

    615 тоннаға жуық өнім, 80-нен астам өндіруші және орташа нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен баға. Павлодар облысы Астанада жергілікті өндірушілердің үздік өнімдерін ұсынды.

    17-18 қазан күндері «Қазанат» ипподромында Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.

    Жәрмеңкеге 10 ауданнан, сондай-ақ Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларынан 80-нен астам өндіруші өз өнімдерін әкелді. Сатып алушыларға ет, көкөніс, картоп, бал, сүт және балық өнімдері, шұжық өнімдері, ұн мен макарон ұсынылды.

    Жәрмеңкеге 440 тонна картоп, көкөніс пен бақша дақылдары, сондай-ақ 102 тонна ет әкелінді. Өнімдердің бағасы елордадағы орташа нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен.

    - Картоп алуға келіп, ет пен бал да сатып алдық. Өнімдердің сапасы жақсы, таңдау мол, бағасы қолжетімді, - деп бөлісті Астана тұрғыны.

    Жәрмеңке елорда тұрғындарына сапалы өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берсе, павлодарлық өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтіп, Ертіс-Баян өңірінің өнімдерін таныстыруға жол ашады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" ММ" жаңалықтары