Астана, 2026 жылғы 17 қазан – Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манеттің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Камбоджа Корольдігінің Сауда министрлігі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған құжаттар папкаларын алмасу рәсімі өтті.
Құжаттар алмасу рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манеттің қатысуымен болды.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Камбоджа Корольдігінің Сауда министрі Чам Нимул қол қойған меморандум екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, өзара іскерлік қарым-қатынасты кеңейтуге және тиімді ынтымақтастық оранатуға бағытталған.
Аталмыш құжат сауда және инвестициялар, шағын және орта кәсіпкерлік, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, цифрландыру, техникалық реттеу және басқа да перспективалы бағыттардағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.
Сондай-ақ бүгін екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға және өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылады.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен Камбоджа арасындағы өзара сауда көлемін ұлғайтуға, инвестициялық қарым-қатынастыкеңейтуге және экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға қосымша серпін береді.








