ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

    1 / 13

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

    Іс-шара аясында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдардың бойында, сонымен қатар елді мекендердің ішкі көшелерінде кең ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік таңғы сағат 9:00-де басталып, оған аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге 13 ауылдық округ пен қала әкімдіктері, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдер, қоғамдық ұйымдар, жастар және еріктілер белсенді түрде қатысты.

    Аудан әкімі Арман Абдуллаев сенбілік барысында:

    – Мемлекет басшысының бастамасын қолдау және аудан тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық жұмыстары қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың азаматтық борышы. Тазалықты сақтау – бұл күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс. Туған жеріміздің тазалығы – өз қолымызда. Баршаңызды «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуға шақырамын, – деп атап өтті.

    Сенбілік барысында бейберекет тасталған күл-қоқыстар жиналып, шөптер шабылды, қураған ағаштардың бұтақтары кесілді.Сонымен қатар,арық-атыздар тазартылды. Бұл шара аудан аумағының экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталды.

    «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды дәріптеу, сондай-ақ «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты негізінде отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті нығайту.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары