Меркі ауданындағы №9 Меркі колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Меркі аудандық полиция бөлімінің ҚҚБ ЮПТ инспекторы Е.Түпеков, Жастар ресурстық орталығының директоры Н.Жұманазаров, колледж қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, буллинг, бопсалау, ұсақ бұзақылық және интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Мамандар жастарға өз құқықтары мен міндеттерін білу, заң талаптарын сақтау және кез келген құқық бұзушылыққа бейжай қарамау қажеттігін атап өтті.









