Абай облысында Республика күні қарсаңында 2026 жылғы 17 қазаннан бастап, 27 қазанды қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Акция аясында
сатып алушыларға төмендетілген бағамен тауарлардың кең ассортименті ұсынылады.
Мерекелік ұсыныстардың ең ауқымды кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Акциялық бағдарламалардың, арнайы баға ұсыныстары мен мерекелік жаппай сатылымдардың басым бөлігі осы күндері өтеді. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.
Жалпыреспубликалық науқанға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар бастамашы болды.
Ұлттық мерекеге орай ұйымдастырылған акциялар халыққа қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға және ішкі сауданың дамуына қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Абай облысының аумағында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда объектілерінің толық тізбесімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.
Абай облысыәкімдігінің баспасөз қызметі
«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда объектілерінің тізбесі
«Republic Day»:
«Park City» (Момышұлы көшесі, 20А), «Арғымақ» (Засядько көшесі, 89), «Аркада» (Засядько көшесі, 88), «Жансая» (Найманбаев көшесі, 211), «Көктем» (Глинка көшесі, 16А), «Мереке» (Уәлиханов көшесі, 122), «Алатау» (Найманбаев көшесі, 189), «Ақшың» (Засядько көшесі, 65), «Апрель» (Қабылбаев көшесі, 3), «Қазына» (Шугаев көшесі, 28).
«Bereke Fest»:
«Дастархан» (Момышұлы көшесі, 20А; Шугаев көшесі, 10; Құнанбаев көшесі, 1А; Қабылбаев көшесі, 3; 342-квартал, 8), «Small» (Найманбаев көшесі, 189; Әуезов даңғылы, 5; Момышұлы көшесі, 34А; Шугаев көшесі, 28; Қарқаралы көшесі, 22А; Спартак көшесі, 1), «ADAL SUPERMARKET» (Шәкәрім көшесі, 75; Докучаев көшесі, 5; Жаңасемей көшесі, 35; 72-квартал, 14; Сәтбаев көшесі, 186; Құнанбай көшесі, 46; Титов көшесі, 140; Өскемен көшесі, 11/2).









