ШҚО-да Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

    1 / 2

    Республика күніқарсаңындаШығыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанғадейінқоса алғанда«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді.Бұл күні тұтынушыларғатүрлі тауарлардың кең таңдауытөмендетілген бағамен ұсынылатын болады.

    Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

    Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

    Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға және ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

    Шығыс Қазақстан облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

    «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі:

    "Maxi Mall" СОО Өскемен қаласы, қ. Сәтбаев даңғылы, 51;

    "АДК" СОО Өскемен қ., Бажов к-сі, 110;

    "АДК" СОО Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 62;

    "Император" СҮ, Өскемен қ. Әуезов даңғылы 28;

    Альшемали СҮ Өскемен қ., Мызы к-сі 16/1;

    " Фараон " СҮ Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 159;

    " Фараон " СҮ Өскемен қаласы, қ. Сәтбаев даңғылы, 39;

    "ТНП" сауда орталығы құрылыс материалдары дүкені Өскемен қаласы, қ. Сәтбаев даңғылы, 39;

    "ТНП" сауда орталығы құрылыс материалдары дүкені Өскемен қаласы, Сәтбаев даңғылы, 39;

    "Тропик" СҮ Риддер қ., Гоголь к-сі, 37;

    "Добрострой" СҮ Алтай қаласы, Бурнашов бульвары, 22.

    Акцияға қатысатын супермаркеттердің тізімі (Bereke Fest):

    "Колос" СЖ Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 15;

    "Волна" СЖ Өскемен қ., Қ. батыр к-сі, 114;

    "Magnum" СЖ Өскемен қаласы, Қаныш Сәтбаев даңғылы, 16/1;

    "Magnum" СЖ Өскемен қаласы, Жібек Жолы көшесі, 1;

    "Magnum" СЖ Өскемен қ., Жеңіс даңғылы, 10;

    "A-Store" СЖ Өскемен қаласы, Қаныш Сәтбаев даңғылы, 51;

    "A-Store"СЖ ADK River, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 62"

    "A-Store" СЖ Өскемен қ., "Валентина" СҮ"

    "A-Store" СЖ Өскемен қ., Бажов к-сі, 110"

    "A-Store" СЖ Өскемен қаласы, Бағдат Шаяхметов көшесі, 13;

    "A-Store" СЖ Өскемен қаласы, Қаныш Сәтбаев даңғылы, 15 Б;

    "City Center" СЖ Өскемен қаласы, Виноградов көшесі, 17а;

    "La Central" СЖ Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 6;

    "Апельсин" СЖ Риддер қ., Қонаев к-сі, 23;

    "Алтай Маркет" СЖ Өскемен қаласы, Жібек жолы көшесі, 44.

    (Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары