Отбасының әлеуметтік жағдайы өзгерсе, санаты да қайта қаралады

    Отбасының цифрлық картасында белгіленген әлеуметтік әл-ауқат санаты тұрақты болып қалмайды. Еңбек министрлігінің брифингте түсіндіргеніндей, жүйе мемлекеттік ақпараттық базалардағы мәліметтерді үнемі жаңартып отырады. Сонымен қатар әр ай сайын отбасының құрамы мен жалпы саламаттылық деңгейі қайта қаралады.

    Мысалы, отбасы мүшелерінің бірі жұмысынан айырылса немесе отбасының материалдық жағдайы айтарлықтай өзгерсе, бұл оның әл-ауқатын бағалауға әсер етеді. Егер отбасы мемлекеттік қолдау алуға құқығы бар санатқа ауысса, тиісті көмек заңда белгіленген талаптарға сай тағайындалады немесе қайта беріледі.

    Алайда отбасының санаты өзгерді екен деп, ақша бірден автоматты түрде аударыла салмайды. Алдымен жәрдемақы алуға қажетті басқа да талаптар тексеріледі. Сондықтан азаматтар үшін жеке мәліметтерін уақытында жаңартып отыру және қате ақпарат болса, оны түзету мүмкіндігінің болуы өте маңызды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" жаңалықтары