1 / 4
15.10.2026 жылы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Жиын барысында білім беру үдерісінде педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, мұғалімдер мен қызметкерлердің кәсіби этикасы, сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар Түпқараған, Қарақия,Мұнайлы аудандық білім бөлімі басшыларының «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңының нормалары мен Педагогикалық әдеп ережелерін сақтау туралы атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Жиын соңында педагогикалық әдеп кеңесінің мүшесі Тлеубаева Қаламқас Қалиқызын «ҚР Еңбек сіңірген ұстаз» құрметті атағын алуымен құттықтап, оған толағай табыс пен шығармашылық жетістіктер тіледі.





