Бірыңғай есеп беру күні

    Бірыңғай есеп беру күні

    Маңғыстау облысында Бірыңғай есеп беру күні аясында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың қатысуымен ақпараттық кездесу өтті.

    Шараның басты бағыты – кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілу тәртібін түсіндіру, бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау және мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер арасындағы өзара байланысты одан әрі жетілдіру.

    Кездесуге облыстық мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар, кәсіпкерлер, бизнес-қоғамдастық мүшелері, қаржы ұйымдарының өкілдері, аудандық және қалалық әкімдіктер басшыларының орынбасарлары және кәсіпкерлік саласына жауапты бөлімдердің жетекшілері қатысты.

    Жиын барысында түрлі салалардағы бақылау шараларының жүзеге асырылуы, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттері және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Өз кезегінде Департамент басшысы Светлана Дүмбайқызы білім беру ұйымдарындағы бақылау іс-шараларының барысы жөнінде баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

    Іс-шараның соңында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.

    Мұндай кездесулер кәсіпкерлік орта өкілдерінің мемлекеттік органдармен тікелей байланысын қамтамасыз етіп, саладағы мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары