1 / 2
Ақбұлақ ауылдық округі Р.Сәбденов ауылы Ақбұлақ Мәдениет үйінде Т.Рысқұлов АПБ Ақбұлақ ауылдық округіне жауапты Учаскелік полиция инспекторы (УПИ), полиция капитаны Күмісбек Ғалым Алмасұлы 2026 жылы 3 тоқсанында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері бойынша халық алдында есеп беру жиыны өтті.
Есеп барысында әкімшілік аумақтағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық ахуал, азаматтардың өтініштері мен өзекті мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді. Ауыл тұрғындары тәртіп сақшысына сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.





