ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғын жауапқа тартылды.
“Таза Қазақстан” аясында Самар ауданында полиция қызметкерлері ортақ пайдаланылатын аумақты ластау дерегін тіркеді.
Алтайская көшесінде 68 жастағы жергілікті тұрғын жер учаскесін тұрмыстық қалдықтармен, пластик бөтелкелермен және сусын қаптамаларымен ластаған.
Ер адамға ескерту жасалып, аумақты тазалап, оны тиісті жағдайға келтіру үшін 10 тәулік мерзімінде уақыт берілді.
Тазалық пен тәртіпті сақтау — әрқайсымызға ортақ жауапкершілік. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.








