"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 4
Қостанайда «Аялы алақан» облыстық форумы өтті
Департамент басшысы А. Мекебаева Қазақстан Республикасындағы Мүгедектігі бар адамдар күні мен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі «Аялы алақан» облыстық форумына қатысты.
Форум мүгедектігі бар азаматтарға құрмет көрсетуге, олардың бастамаларын қолдауға, сондай-ақ мұқтаж жандарға күнделікті көмек көрсетіп, қамқорлық танытып жүрген мамандар мен жанашыр азаматтардың еңбегін бағалауға арналған маңызды алаңға айналды.
Іс-шара аясында үздік әлеуметтік қызметкерлер, қайырымдылық жасаушылар және облыстық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.









