«Оңай табыстың құны»: ШҚО студенттеріне есірткі қылмыстарының салдары түсіндірілді

    «Оңай табыстың құны»: ШҚО студенттеріне есірткі қылмыстарының салдары түсіндірілді

    Өскемен қаласындағы Жастар ресурстық орталығында жоғары оқу орындарының студенттерімен профилактикалық кездесу өтті. Кездесудің негізгі бөлігі есірткі қылмыстары үшін сотталған азаматтармен өткен телемост болды. Олар өздері жасаған қылмыстар және оның өмірлеріне қалай әсер еткені туралы айтып берді.

    Кездесуге ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Мади Қалиакпаров, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мен прокуратура өкілдері қатысты.

    Студенттерге жастардың интернет пен мессенджерлер арқылы оңай табыс табу ұсыныстарының астарында есірткінің заңсыз айналымына тарту әрекеттері жасырынуы мүмкін екені түсіндірілді. Есірткі салуға немесе белгісіз куратордың тапсырмасын орындауға қатысты ұсыныстар қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

    Телемост барысында сотталған азаматтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қабылдаған шешімдерінің салдары туралы баяндады. Олардың әңгімелері студенттерге есірткі қылмыстарына қатысудың қандай зардаптарға әкелетінін нақты мысалдар арқылы түсінуге мүмкіндік берді.

    Мұндай кездесулер жастардың есірткінің заңсыз айналымына тартылуының алдын алуға және студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Шығыс Қазақстан облысында осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары