Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қызметін лицензиялау туралы

    1 / 4

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша ұйымдардың қызметі лицензиялауға жатады.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып табылады.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензия халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге, соның ішінде:

    - стационарлық үлгідегі ұйымдарға;

    - жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға;

    - уақытша болу ұйымдарына;

    - үйде қызмет көрсету ұйымдарына беріледі.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия генералдық, иеліктен шығарылмайтын, тегін болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды. Лицензия қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

    Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады.

    «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге лицензия беру» мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы жолданады.

    Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

    – жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

    – жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты;

    – санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмелері не қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмелері;

    – бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген тексеру немесе профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі. Жаңадан іске қосылатын объектілер үшін – объектіні пайдалануға беру актісі, соның ішінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар, эвакуациялау жоспары, қажетті бастапқы өрт сөндіру құралдарының ең төменгі тізбесі, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;

    – санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің және объектіге берілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер. Қызмет алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың көшірмесі;

    – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасынан» медициналық қызметпен айналысуға лицензияның болуы туралы мәліметтер;

    – бекітілген штат кестесі, қызметкерлердің кәсіптік білімін, біліктілігін растайтын құжаттары, кәсіптік даярлықтан және қайта даярлықтан өткені туралы сертификаты, кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаты (бар болса).

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында Порталдағы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

    Егер лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензия беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол бұл әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

    Қорытынды:

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау бұл қызметтердің сапасын арттырады және оларды бақылауды күшейтеді.

    Автор:

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

    Лицензиялау туралы

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі лицензиялауға жатады.

    Лицензия халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге, соның ішінде:

    • стационарлық үлгідегі ұйымдарға;

    • жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға;

    • уақытша болу ұйымдарына;

    • үйде қызмет көрсету ұйымдарына беріледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары