АУДАНДА ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

    1 / 5

    Байғанин ауданында ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасына сәйкес, қаржы саласының мамандарына арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды.

    🔹Жиынға Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы Нұрлыбек Алиев пен Камералдық бақылау бөлімінің басшысы Нұрлан Құсейнов қатысты.

    🔹Семинарға аудандық мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың және ауылдық округ әкімдіктерінің басшылары, есепшілері мен қаржы саласына жауапты мамандары қатысты.

    🔹Кездесу барысында құрылыс-монтаждау жұмыстары шарттарының орындалуына камералдық бақылау жүргізудің жаңа тетіктері, онлайн бюджеттік мониторинг, камералдық бақылау қағидаларына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жоспарлау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

    🔹Іс-шара соңында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан нақты жауаптар алды.

    🔹Семинар-кеңес қаржылық тәртіпті нығайтуға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің тиімділігін арттыруға және сала мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіруге бағытталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары