«Отандастар» қоры шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын 15-30 жас аралығындағы этникалық қазақтарды «OQ Startup» байқауына қатысуға шақырады.
Байқауға ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық әрі әлеуметтік бағыттардағы жобалар қабылданады.
Қатысу үшін ұзақтығы 2 минуттан аспайтын көлденеңінен түсірілген MP3 немесе MOV форматындағы бейнеролик немесе көлемі 10 слайдтан аспайтын PPTX немесе PDF форматындағы презентацияұсыну қажет. Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Бейнеролик немесе презентацияда жобаның негізгі мазмұны, өзектілігі, мақсаты, кімдерге бағытталғаны, іске асыру жолдары және күтілетін нәтижелері қысқаша әрі түсінікті түрде көрсетілуі тиіс.
Жұмыстарды 2026 жылғы 30 қазанға дейін [email protected] электрондық поштасына жіберу қажет.
Толық ақпарат «Отандастар» қорының ресми сайтында: https://oq.gov.kz/news/1564








