МӘС комиссиясына жолдау үшін қажетті құжаттар

    Медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) өту немесе қайта куәландыру үшін азамат белгіленген нысандағы өтінішті ұсынуы қажет. Өтінішке қоса төмендегі құжаттар талап етіледі:

    • Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат.

    • № 031/у нысанындағы МӘС қорытындысы. Оның қолданылу мерзімі қол қойылған күннен бастап бір айдан аспайды.

    • № 033/у нысанындағы жеке оңалту бағдарламасының медициналық бөлігі — медициналық ұйым әзірлеген жағдайда.

    • Аурудың даму барысын бағалау үшін амбулаториялық карта, ауру тарихынан үзінділер, мамандардың қорытындылары және тексеру нәтижелері (бар болса).

    • Жұмыс істейтін азаматтар үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы.

    • Алғашқы куәландыру кезінде еңбекке қабілетті жастағы азаматтар үшін еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса).

    Өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру жағдайында қосымша еңбек жағдайлары туралы мәліметтер, жазатайым оқиға туралы акт, ал тиісті жағдайларда сот шешімі немесе кәсіптік патология жөніндегі комиссияның қорытындысы ұсынылады.

    Қажет болған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуды растайтын құжат, қамқоршылықты немесе қорғаншылықты белгілеу туралы құжат, аты-жөнінің өзгергенін растайтын мәліметтер және балаларды куәландыру кезінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы талап етілуі мүмкін.

    Егер қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаса, тиісті құжаттар қағаз түрінде ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексеру үшін қажет болуы мүмкін.

    Маңызды: құжаттар қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады. Қажетті құжаттар тізімі азаматтың жағдайына және куәландыру мақсатына байланысты өзгереді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары