Облыстық ақпараттық-насихат тобының Әйтеке би ауданына жұмыс сапары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық сұрақ-жауап сессиясы форматындағы форум өтті. Шара сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталды.
«Ашық диалог» алаңы форматында өткен форумға 200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында: * ардагерлер мен қоғам белсенділері; * белсенді жастар мен ҮЕҰ өкілдері; * депутаттар мен бизнес қауымдастық мүшелері бар.
Шарада Департамент басшысының орынбасары Руслан Мажитов, аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев, ақпараттық-насихат топ мүшесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы облыстық филиалының жетекшісі Әсел Мұстафина сөз сөйлеп, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелерін ортаға салды.
Форум аясында аудан тұрғындары мен белсенділер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру және азаматтық бақылауды күшейту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Көтерілген барлық мәселелер назарға алынып, оларды іске асыру тетіктері талқыланды. Бұл кездесу мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға үлкен ықпал етпек.








