АУДАН ӘКІМІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 / 4

    🔹️Бүгін Ойыл кәсіптік колледжінде аудан әкімі ауданның шаруа қожалықтарының төрағаларымен кездесу өткізді.

    🔸️Кездесу барысында Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Алдияр мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ойыл аудандық филиалының директоры И. Сабиржанов жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы баяндама жасады.

    🔹️Кездесу соңында аудан әкімі С. Займолдин шаруа қожалықтарының төрағаларымен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Еркін пікір алмасу барысында шаруалар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

    🔸️Мұндай кездесулер ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы орган арасындағы байланысты нығайтуға және алдағы міндеттерді бірлесе айқындауға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары