Кездесу барысында отбасылардың материалдық жағдайы мен әл-ауқатын бағалаудың негізгі тәсілдері, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар санаттарын айқындау, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың атаулылығын арттыру мәселелері қаралды. Әрбір отбасының өмірлік жағдайын объективті бағалауға, мемлекеттік қолдауға нақты қажеттілікті анықтауға назар аударылды.
Қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді оңтайландырудың мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Атап айтқанда, әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, мемлекеттік көмекті шынымен мұқтаж азаматтар үшін қолжетімді ету, сондай-ақ отбасылардың жеке жағдайлары мен табыс деңгейін ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін жетілдіру мәселелері қамтылды.
Жүргізілген түсіндіру жұмыстары халықтың әлеуметтік қолдау көрсету қағидаттары туралы хабардарлығын арттыруға, мұқтаждық өлшемшарттарын түсіндіруге және әлеуметтік төлемдерді тағайындау тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.








