1 / 5
«Сарыарқа» ауданында 2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңге дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Жиында қар тазалау жұмыстарын ұйымдастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың өзара іс-қимылы талқыланды.
Қыс мезгілінде аудан көшелерін, аулалары мен қоғамдық кеңістіктерін тазалауды 23 мердігер ұйым күн сайын екі ауысыммен қамтамасыз етеді. Жиында арнайы техниканың қауіпсіз қозғалысына ерекше назар аударылды.
Мердігер ұйымдарға қызметкерлерге жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік техникасы талаптарын түсіндіру бойынша нұсқама өткізу, сондай-ақ қар тазалау кезінде қалалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.









