ӨКІЛ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 / 5
    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев құқықтық сауаттылық арттыру және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұны мен маңызын түсіндіру мақсатында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының ұжымымен кездесу өткізді.
    Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қоғам мен мемлекет дамуындағы рөлі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктері, құқықтық мемлекет қағидаттары, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
    Сонымен қатар, Өкіл Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы негізгі өзгерістерге тоқталып, олардың адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, әділдік қағидаттарын күшейтуге және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі" жаңалықтары