2026 жылғы 13 қазанда Алматы облысы Әділет департаменті Алматы облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, атқарушылық құжаттарды орындау барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында атқарушылық іс жүргізудегі өзекті мәселелер, атқарушылық құжаттарды орындаудың белгіленген мерзімдерін сақтау, мәжбүрлеп орындату шараларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері талқыланды. Атқарушылық құжаттардың уақтылы әрі толық орындалуына кедергі келтіретін себептерді анықтауға және оларды жою бойынша практикалық шешімдер әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша атқарушылық іс жүргізудің нәтижелілігін арттыруға, орындаушылық тәртіпті нығайтуға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын тиісінше орындауды қамтамасыз етуге бағытталған алдағы шаралар айқындалды.









