Бұл мереке дастарқанымыздағы нанның артында қаншама адамның қажырлы еңбегі тұрғанын еске салады: диқандар мен агрономдар, ұн тартушылар мен наубайшылар.
Қазақ халқы нанды ежелден ерекше қастерлеген. «Ас атасы – нан» деп бекер айтпаған. Нан – молшылық пен берекенің, қонақжайлық пен шаңырақ жылуының символы.
Әр шаңырақта тыныштық пен береке орнап, туған-туыс пен жақын жандар жаңа піскен нанның дәмін бөлісіп, дастарқан басына жиі жиналсын!
Мереке құтты болсын!









