Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мысыр Елшісін қабылдады

    1 / 4

    Астана, 2026 жылғы 15 қазан– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстандағы Мысыр Араб Республикасының Елшісі Самех Шехатаны қабылдады.

    Кездесу аясында Қазақстан мен Мысыр арасындағы екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, консулдық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету жолдары талқыланды.

    Тараптар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық барысы бойынша пікір алмасып, құқықтық-шарттық базаны кеңейтуге келісті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары