2026 жылғы 15 қазанда Орал қаласы әкімдігінде мемлекеттік еңбек инспекторлары Е.Г.Найзабеков пен А.Ж.Батыровтың «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры А.Б.Дәулетовамен бірлесіп, мүлік меншік иелері бірлестіктері (МИБ) мен пәтерлер меншік иелері кооперативтерінің (ПИК) өкілдерімен түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға өңірдегі өндірістік жарақаттану жағдайы туралы ақпарат беріліп, Қазақстан Республикасының қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) саласындағы заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді.
Жұмыс берушілердің қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу міндетіне, міндетті сақтандырудың болмағаны үшін жауапкершілікке, сондай-ақ өндірісте жазатайым оқиға орын алған жағдайда тиісті органдарға жүгіну және қажетті шараларды қабылдау тәртібіне ерекше назар аударылды.
Сақтандыру компаниясының өкілі жазатайым оқиға орын алған кезде міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру төлемдерін алу тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) мәліметтер енгізу және еңбек шарттарын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттармен алмастыруға жол бермеу мәселелері талқыланды. Қойылған барлық сұрақтар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары тиісті түсініктемелер берді.
Еңбек инспекциясы қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру еңбек қызметі барысында олардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда құқықтарын қорғауға және әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған маңызды тетік екенін еске салады.









