Жетісу облысында бір аптада 5 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

    1 / 2

    Бір апта ішінде Жетісу облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5 мыңнан астам дерегін анықтап, жолын кесті. Тексеру барысында жүргізушілердің, жолаушылардың және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.

    Атап айтқанда, осы кезеңде тиісті рұқсатсыз көлік құралдарының конструкциясын өзгертіп, қайта жабдықтаудың 4 дерегі тіркелді. Автокөлік конструкциясына белгіленген талаптарды сақтамай өзгеріс енгізу жол қозғалысына қосымша қауіп төндіруі мүмкін.

    Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайту бағытындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Полиция жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға, көлік басқару кезінде жауапкершілік танытуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін естен шығармауға шақырады.

    Жол ережелерін сақтау – жай ғана талап емес, өз өмірің мен айналаңдағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары