Жетісу облысында полиция құқық бұзушылықтарды камералар арқылы анықтауда.
Қаладағы тәртіп айналаға деген қарапайым құрметтен басталады. Алайда кейбір азаматтар жерге тасталған бір темекі тұқылын әлі де елеусіз нәрсе деп санайды.
Бұл жолы Жетісу облысы полициясының жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына 43 жастағы жергілікті тұрғын іліккен. Ер адам дүкендердің бірінің жанында темекі тұқылын жерге тастап, қоғамдық орынның тазалығына және айналасындағы адамдарға құрметсіздік танытқан.
Бейнебақылау жүйесінің көмегімен құқық бұзушылық тіркеліп, ер адам қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Камералар тәртіп бұзушыларды анықтауға көмектеседі. Алайда ең бастысы — жауапкершіліктің бұлтартпастығы және заң мен тәртіптің әрқайсымыздан басталатынын түсіну.









