Жетісу облысында аң аулау маусымының ашылуына байланысты полиция қызметкерлері тұрғындар мен өңір қонақтарын аңшылық кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Аңшылық барысында қаруды пайдалану ережелерін сақтау, тиісті рұқсат құжаттарының болуы, аң аулауға белгіленген мерзімдер мен аумақтарды қатаң ескеру маңызды.
Әсіресе, атыс қаруын қолдану кезінде сақтық шараларына ерекше назар аудару қажет. Қару-жарақты абайсыз пайдалану адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Полиция заңсыз аң аулау, тыйым салынған аумақтарда аңшылық жасау және белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Жетісу облысының полиция қызметкерлері табиғатты қорғау, браконьерліктің алдын алу және аңшылық ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Табиғатты қорғау мен қауіпсіздікті сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Аңшылық ережелерін сақтап, өзіңіздің және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз!









