Талдықорған қаласында полицияның Жедел басқару орталығының қызметкерлері автовокзал маңындағы дүкендердің бірінің аумағына тұрмыстық қалдықтардың тасталғанын анықтады.
Тексеру барысында абаттандыру қағидаларын бұзған сауда нысанының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, жерге темекі тұқылын тастаған жергілікті тұрғын да анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жетісу облысының полициясы ескертеді: қала тазалығы әрқайсымыздан басталады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.









