ӘРБІР ӨТІНІШ – НАЗАРДА!

    1 / 2
    Азаматтардың өтініштерін қарау, олардың мәселелерін мерзімінде шешу және заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау – Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметінің басым бағыттарының бірі.
    Осыған орай, азаматтардан келіп түскен әрбір өтініш Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес мұқият қаралып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданады.
    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары өтініш берушілердің мәселелеріне жауапкершілікпен қарап, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алуға және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға ерекше назар аударады.
    Әрбір өтініш – азаматтардың сенімі мен жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан өтініштерді сапалы әрі уақытылы қарау және азаматтарға нақты көмек көрсету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары