Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты
📌Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда, ол азаматтардың жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жаңа Конституциядағы табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының негізгі элементіне айналды. Ауқымды жоба аумақтарды абаттандыру, қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамыту және экологиялық ағарту жөніндегі кешенді шараларды қамтиды.
Жыл өткен сайын Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық іс-шараларға қатысушылар саны да арта түсуде. Егер 2025 жылы оған 6 млн адам қатысқан болса, осы жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін 7 млн-нан астам азамат атсалысқан. «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру басталғаннан бері елді мекендерде 7 млн-нан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 млрд-тан астам тұқым пен көшет отырғызылды.






