Ақпараттық хабарлама

    Ақпараттық хабарлама

    Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) жеке кабинетінде пайдаланушылардың есептік жазбаларының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында екі факторлы аутентификация енгізілді.
    Енді авторизация кезінде электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) және құпиясөзден бөлек, SMS арқылы жіберілетін бір реттік код немесе eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Жеке куәлік» цифрлық құжатынан алынатын код арқылы қосымша растаудан өту қажет.
    Бұл механизм Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірі тіркелмегендіктен Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға қолданылмайды.
    Қосымша тексеру кезеңі пайдаланушылардың есептік жазбаларын қорғауға және дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары