ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

    1 / 4

    Түркістан облысы Нұрбол Тұрашбеков азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Әрбір мәселе бойынша жауапты сала өкілдеріне тиісті тапсырмалар беріліп, өтініштер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралуға бағытталды.

    Жеке қабылдау – халық пен билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудің, азаматтардың мәселелерін тікелей тыңдап, оларды заң аясында шешудің маңызды тетігі. Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттырып, тұрғындардың өтініштеріне жауапкершілікпен қарауға және халықтың талап-тілегін ескеруге мүмкіндік береді.

    Облыс әкімінің орынбасары азаматтардың өтініштерін қарау кезінде заңдылықты, ашықтықты және жауапкершілікті басшылыққа алудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, олардың шешілу барысын бақылауда ұстау қажеттігіне назар аударды.

    Тұрғындардың өтініштерімен жүйелі жұмыс жүргізу, кері байланысты нығайту және әрбір азаматтың мәселесіне бейжай қарамау – мемлекеттік органдар қызметіндегі маңызды міндеттердің бірі.

    Облыс әкімдігі азаматтармен ашық диалог орнату, өтініштерді уақтылы қарау және халықтың талап-тілегіне құлақ асу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары