Жол мәселесі, мейрамхана бизнесін дамыту: ШҚО әкімі тұрғындарды қабылдады

    1 / 11

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оған жауапты басқармалар мен жергілікті әкімдіктердің өкілдері қатысты. Жеке қабылдау барысында азаматтар баспанамен қамту, ТҮКШ, жол және кәсіпкерлікке қатысты мәселелерді көтерді.

    Мысалы, Марина Сальникова «KMM TAS» ЖШС карьерінен қиыршық тас тасымалдайтын ауыр жүк көліктерінің қарқынды қозғалысы салдарынан Ново-Явленка ауылындағы жолдардың бүлініп жатқанына шағымданды. Аймақ басшысы бұған қатысты тексеру жүргізіп, егер аталған факті расталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау қажеттігін жеткізді.

    Ал Балауса Бақытжанқызы Катонқарағай ауданындағы Рахман қайнары аумағында мейрамхана бизнесін дамытқысы келетінін жеткізді. Ол Риддер қаласындағы тұрғындар мен шетелдік туристер арасында сұранысқа ие «Bal-Uyz» этномейрамханасын қамтитын мейрамханалар желісінің иесі. Кәсіпкер жуықта ғана жаңа жол пайдалануға берілген Рахман қайнары аумағындағы мейрамхананы жалға алу және оның қызметін одан әрі дамыту мүмкіндігін талқылауды ұсынып, бұл жобаны жүзеге асыру қызмет көрсету сапасын арттырып, аталған аумақтың туристік тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік беретіндігін жеткізді. Нұрымбет Сақтағанов құзырлы басқарма басшысына бизнес иесінің ұсынысын жан-жақты зерделеуді тапсырды.

    ШҚО әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, жіті түсіндіріп, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді. Әр өтініш бойынша жағдай бақылауға алынды.

    (Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары